Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 34 млн теңгеге жуық жалған ақша сатқандар сотталды

Жарияланған күні:

Теңге және доллар
Теңге және доллар. Фотто: KAZ.NUR.KZ / Владимир Третьяков

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында бес сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар ірі мөлшерде жалған ақша сатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Олар 231-бабы 2-бөлігінің 1 және 3-тармағымен, сондай-ақ 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен, 392-бабының 1-бөлігімен айыпталған.

Сотталушылар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет жалған ақшаны ірі көлемде — 75 800 АҚШ долларын (теңгемен есептегенде 34 106 210 теңге) сақтаған және сатқан. Сонымен қатар бір сотталушы Қазақстан Республикасының шекарасынан аталған шетел валютасын заңсыз өткізген.

Сотталушылардың кінәларі өздерінің жауаптарымен, куәнің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Сот, қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушылардың асырауында жас балаларының болуын, істеген іс-әрекеттеріне шынайы өкініш білдіргендерін ескерді.

Сот: айытпалушы Ж.-ға ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 2, 3-тармақтарымен 6 жылға; А.-ға, Б.-ға, Д.-ға ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен әрқайсысына 5 жылға; Ж.-ға ҚК-нің 231-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарымен , 392-бабының 1-бөлігімен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144656-shymkentte-34-mln-tenggege-zhuyq-zhalgan-aqsha-satqandar-sottaldy/