Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандар санын көбейтпек

Жарияланған күні:

Кітап оқып отырған әскер
Сарбаз. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандардың санын 39180 адамнан 40148 адамға дейін көбейтпек. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жоба нұсқасы жарияланған "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігі "Ашық НҚА" порталында президенттің жарлығын орындау үшін қабылдауды ұсынатын қаулыны талқылауды ашты.

Онда шақыру комиссиялары наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 39 180 адамды әскерге шақыруы қажет екені айтылған.

Жаңа редакцияда әскерге шақырылғандар тізімін 40 148 адамға дейін арттыру ұсынылып отыр.

Мұндай шара Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін қажетті мөлшерде азаматтарды қызметке шақыру мақсатында қабылданбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144661-qorganys-ministrligi-askerge-shaqyrylgandar-tizimin-ulgaitpaq/