Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қауіп төндіруі мүмкін": Алматы облысы тұрғындарына селге байланысты ескерту жасалды

Жарияланған күні:

Сел
Сел. Фото: Елдің ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысы Талғар ауданы тұрғындарына сел қаупі туралы ескертілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, бүгінгі таңда Алматы облысының таулы аудандарында температураның жоғарылауы, мұздықтардың қарқынды еруі және мореналық-мұздық көлдердің толуы, өзен арналарындағы ағынның жоғарылауы есебінен күрделі сел жағдайы сақталып отыр.

"Талғар өзенінің бассейніндегі №19 көл қазіргі көлдің солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде жиналған су жағалауды жырып ағуы мүмкін сол себепті қауіп төндіруі мүмкін. Фондық бағалау әдістемесіне сүйене отырып, сел ағындарын болжау бойынша мұздық көлдің серпілісі 6 тамызынан бастап болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Талғар ауданының тұрғындары, қонақтары және демалушылар мен туристер Талғар қаласының басында орналасқан гиротехникалық қондырғыдан асып тауға, демалыс орындарға шығуға тыйым салынған.

"Талғар өзені арнасына жақын орналасқан тұрғын үй иелеріне және жергілікті халыққа үнемі әлеуметтік желілерді, теледидиар және радиобайланыс желілеріне, электросиреналардың қосылуы кезінде мұқият тыңдап, құлақ түрулеріңізді сұраймыз", - деп ескертті әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144674-qauip-tondirui-mumkin-almaty-oblysy-turgyndaryna-selge-bailanysty-eskertu-zhasaldy/