Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ арнайы операциясы: алтын ұрлаған күдіктілер ұсталды (видео)

Жарияланған күні:

Арнайы операция барысы
Арнайы операция барысы. Видеодан кадр: polisia.kz

Жамбыл облысында алтын ұрлады деген күдікке ілінген топ ұсталды. Биыл Қазақстанның бірқатар өңірінде заңсыз жұмыс істеген 19 цех жабылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпараттық медиапорталының мәліметіне сүйенсек, Ішкі істер министрлігі алтынды заңсыз өндірумен және ұрлаумен айналысатын қылмыстық топтардың қызметін тоқтату бойынша жұмысты жалғастыруда.

Ағымдағы жылы бірқатар өңірде құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех таратылды, онда ондаған тонна кен тәркіленді.

"Шілде айында Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері "Алтыналмас" АҚ "Ақбақай" комбинатының аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға қатысы бар адамдарды ұстау бойынша жедел іс - шаралар өткізді", - деді ведомстводан.

ІІМ мәліметтері бойынша, тінту нәтижесінде Ақбақай, Мойынқұм, бірлік кенттерінде 11 заңсыз ұсақтау цехы табылды, онда кен мен тастарды өңдеуге арналған арнайы жабдық, алтын, ақша қаражаты, сондай-ақ тоғыз атыс қаруы мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді.

Сондай-ақ "Қаракөз" карьерінің аумағында заңсыз кен іздеушілердің екі бригадасы ұсталды. Заңсыз кен өндіріп, шахталарға кірген 17 адамның барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, арнайы іс-шараларды өткізу кезінде "Ақбақай" комбинатының аумағынан құрамында алтыны бар 600 қаптан астам шикізатты ұрлау фактісі анықталды.

"Оған комбинаттың бұрынғы қызметкерлерінің қатысы болған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Комбинаттың қауіпсіздік қызметімен бірге ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144697-iim-arnaiy-operatsiiasy-altyn-urlagan-kudiktiler-ustaldy-video/