Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мерзім аяқталып қалды": Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша үкім қашан шығады

Жарияланған күні:

Гүлмира Сатыбалды
Гүлмира Сатыбалды. Видеодан кадр: "Хабар" телеарнасы / khabar.kz

Алматыда Гүлмира Сатыбалды мен оның көлік жүргізушісі Мади Батыршаевтың ісі бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Бүгін судья тараптарға іс бойынша шешім қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Судья Мартпек Кәкімжанов істің ақылға қонымды процестік мерзімде қаралуы тиіс екенін айтты. Ол мұның соттың немесе процеске қатысушылардың тарабынан негізсіз әуре-сарсаң мен асығыстыққа жол бермеу үшін керек екенін алға тартты. Өйткені ол істің объективті қаралуына әсер етуі мүмкін.

"Сіздерге ресми түрде хабарлаймын. Бізде ақылға қонымды мерзім аяқталып қалды. Тамыз айының соңына дейін процессуалдық шешім қабылдауымыз керек. Осы айда белсенді жұмыс істеулеріңізді өтінемін", - деді судья.

Сондай-ақ Кәкімжанов қорғау тарабындағы куәгерден жауап алу мен іс материалдарын жариялау қажет екенін хабарлады. Содан кейін сотта сотталушылардан жауап алынады.

Айта кетейік, аталған іске қатысты алдын ала тыңдалым 15 мамыр күні өтті. Гүлмира Сатыбалды өз ісіне қатысты алқабилер сотынан бас тартты. Ол аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деп айыпталуда.

3 маусым күні Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты басты сот отырысы басталды.

Сот Алматы қаласында өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144733-merzim-aiaqtalyp-qaldy-gulmira-satybaldynyng-isi-boiynsha-ukim-qashan-shygady/