Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшалардың 440 маманына арналған біліктілікті арттыру курстары басталды

Жарияланған күні:

Алматы қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары
Фото: Алматы қаласы Білім басқармасы

5 тамыз күні Алматы қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары басталды. Жоба Алматы қаласы Жол картасын жүзеге асыру аясында қалалық Білім басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр. Жоба шеңберінде қала балабақшаларының 440 маманы білім беру процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіби машықтарын жетілдіруге мүмкіндік алады.

Алдағы үш ай бойы балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері, педагог-психологтары мен арнайы педагог мамандары мектепке дейінгі, оның ішінде инклюзивті білім берудің заманауи тәсілдерін меңгермек. Оқу бағдарламалары балаларды оқыту және дамытуға арналған оңтайлы жаңа цифрлық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын білім беру ортасын құруға бағытталып отыр.

Айта кетерлігі,тренерлер қатарында мектепке дейінгі білім беру саласының отандық және халықаралық жетекші мамандары бар.

Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың дамуы мектепке дейінгі білім беру саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, көптеген ресурстар ұсынып отыр. Бағдарламаларда жасанды интеллект құралдарын пайдалану мүмкіндіктері де қарастырылған. Ал бұл өз кезегінде оқу материалдарын жеке тұлғаға лайықтап, оқытуды жекелендіру үшін деректерді талдауға және әкімшілік тапсырмаларды автоматтандыруға мүмкіндік беріп, педагогтердің балалармен жұмыс істеуге көбірек көңіл бөлуіне септігін тигізеді.

Сабақта отырған мамандар
Сабақта отырған мамандар: Фото: ұйымдастырушылардан

Бағдарламаның негізгі мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдар басшылары мен әдіскерлерінің кәсіби және басқарушылық білімін арттыру, сондай-ақ педагогтердің құзыреттерін жақсарту. Одан бөлек, ұйымдастырушылар аталған жоба стратегиялық басқаруды дамыту, кәсіби және тәлімгерлік құзыреттілікті арттыру, балаларды оқыту мен дамытуға цифрлық технологияларды енгізуге дайындық секілді міндеттерді арқалап отыр.

Алматы қаласы Білім басқармасы мектепке дейінгі оқыту және білім беру бөлімінің бас маманы Ұлжан Батырбаеваның айтуынша, аталған курстар түптеп келгенде мектепке дейінгі білім беру саласының деңгейін көтеруге бағытталған.

«Бүгін қала әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасының аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.

Алматы қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары
Фото: Алматы қаласы Білім басқармасы

Курс кезең-кезеңмен ұйымдастырылатын болады: 1-кезеңде әдіскерлер мен тәрбиешілер, 2-кезеңде меңгерушілер мен педагог-психологтар, және 3-кезеңде арнайы білім педагогтері өтетін болады. Жоба педагогтерге өз білімін кеңейтуге және мектепке дейінгі білім беру саласындағы соңғы тенденциялар және инновациялармен танысуға, мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудағы заманауи тәсілдерді зерделеуге мүмкіндік береді.

Педагогтермен мектепке дейінгі білім беру саласындағы жетекші отандық және халықаралық мамандар, атап айтқанда Гонконг, Венгрия, Греция, Малайзия, Польша, Германия, Қытай елдерінің сарапшылары жұмыс жүргізетін болады.

Сонымен қатар курс аясында шетелге тағылымдама да қарастырылған. Ұйымдастырылып жатқан іс шара мектепке дейінгі білім беру саласының деңгейін көтеріп, балаларымыздың жан-жақты дамуына ықпал етеді деген үміттеміз»,- деп атап өтті.

Алматы қаласында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары
Фото: Алматы қаласы Білім басқармасы

Оқыту бағдарламасы аясында тыңдаушылар үшін мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың шетелдік тәжірибемен танысу мақсатында халықаралық семинар өткізілетін болады. Семинарда мектепке дейінгі білім беру саласының жетекші қазақстандық мамандарынан басқа, семинар спикерлері ретінде – Греция, Венгрия, Малайзия және Гонконг сарапшылары қатысады.

Ал курс соңында 440 тыңдаушының ішінен үздік деген 40 маман іріктеліп, Малайзия, Қытай, Польша және Германияның жетекші мектепке дейінгі оқу орындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Педагогтеріміздің біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін, кәсіби біліктері мен дағдыларын шыңдауына тілектеспіз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144863-almatyda-balabaqshalardyng-440-mamanyna-arnalgan-biliktilik-kurstary-bastaldy/