Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Су көлігінің қалдықтары": Көлік министрлігі Алакөлдің ластануына қатысты шағымдарға жауап берді (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алакөл
Алакөл. Видеодан кадр: t.me/letterskz

Желіде гидроциклдер мен скутерлер қалдығынан Алакөл көлі ластанды деген видео пайда болды. Бұған қатысты Көлік министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтардың Алакөл жағалауындағы судың ластануына байланысты шағымдары жазылған видео бұған дейін Telegram-дағы Письма президенту арнасында жарияланған болатын. Видео авторлары кадрларда су көлігінің қалдықтары көрсетілгенін алға тартып, гидроциклдер мен скутер иелеріне тиісті шара қолдануды сұрайды.

Көлік министрлігі баспасөз қызметінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, аталған факт бойынша Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің Абай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы жағдайды зерделеу үшін Алакөл көлінің жағалауына су көлігін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын маманды жедел түрде жіберді.

"Шағын көлемді кемелерді тексеру кезінде қауіпсіз пайдалану талаптарымен қатар шағын көлемді кемелердің техникалық жай-күйі де, оның ішінде жанармай ағуының болмауы да тексеріледі.

1 маусымнан бастап Абай ауданы бойынша көліктік бақылау инспекциясы 215 шағын көлемді кемені тексеріп, нәтижесінде 19 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде алтауы қоқыс пен басқа да заттарды бортқа лақтыру бойынша құқық бұзушылық. Жанармай немесе жанар-жағармай материалдарының ағу фактілері тіркелген жоқ", - делінген сауалға жауапта.

Ведомство ақпаратынша, Алакөл көлінде тек бензинмен жүретін қозғалтқышы бар шағын кемелер пайдаланылады. Ал оларда бензиннің ағуы екіталай, өйткені бұл кемеде өрт шығу қаупін тудырады.

"Сонымен бірге видеода көрсетілген ластануда мұнай өнімдеріне тән реңктер жоқ, ластану көзін нақты анықтау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға тиісті сараптама жүргізу қажет", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144874-su-koligining-qaldyqtary-kolik-ministrligi-alakolding-lastanuyna-qatysty-shagymdarga-zhauap-berdi-video/