Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бет әлпетін анықтай алады": Қазақстанның екі қаласында қашқындарды ұстау үшін ЖИ камералары орнатылды

Жарияланған күні:

Бейнебақылау камерасы
Бейнебақылау камерасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның екі қаласында жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау камералары қосылды. Олар сот төрелігінен қашып жүрген азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомствоның жаңа әдісі туралы Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов Х желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Бас прокуратура сот төрелігінен жасырынған адамдарды іздестіру барысына қадағалауды күшейтті. Прокурорлар ағымдағы жылы халық көп шоғырланатын жерлерде бейнебақылау камераларына өздері мониторинг жасау арқылы 53 қашқынды танып, ұстау шараларын қабылдады.

Тамыз айынан бастап Алматы мен Атырау қалаларындағы бейнебақылау камераларына қашқын қылмыскерлерді, борышкерлерді және хабар-ошарсыз кеткендерді автоматты түрде тану үшін ЖИ элементтері бар IT-әзірлемені қостық. Екі күн ішінде тергеуден жасырынған 2 адам және хабар-ошарсыз кеткен 2 адам танылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен жасы мен бет-әлпетінің өзгергеніне қарамастан, камералар арқылы қашқынның бет-жүзін анықтай алады, ал бұл іздеу жұмыстарын едәуір күшейтеді.

Мұндай жүйе барлық өңірде енгізілмек. Қазір, ведомствоның ақпараты бойынша 9 мыңнан аса тұлға іздеуде жүр. Олардың ішінде 2,2 мың қылмыскер, 2 мың із-түссіз жоғалған тұлға бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145013-bet-alpetin-anyqtai-alady-qazaqstannyng-eki-qalasynda-qashqyndardy-ustau-ushin-zhi-kameralary-ornatyldy/