Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы білім беру мекемелерінің басшыларына 95 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Мектеп
Мектеп. Көрнекі сурет: pexels.com

Үкімет отырысы барысында ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Сәденов білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде айтты. Оған қатысты 1000-нан аса заңбұзушылық тіркелген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Оқу жылының басталғанына дейін 2 655 білім беру нысаны зерттелді. Нәтижесінде 1081 заңбұзушылық анықталды. 340 басшыға 95 млн теңге айыппұл салынды", - деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Сондай-ақ ол қазақстандық мектептердің барлығы 100 пайыз бейнебақылау камераларымен жабдықталғанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі үкімет отырысында Ғани Бейсембаев биыл мектептерде алғашқы қоңырау қай күні соғылатынын да айтты. Бұған қоса министр колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға көтерілетінін мәлім етті.

Ал Саясат Нұрбек жоғары балл ала тұра грантқа ілінбей қалған талапкерлер туралы пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145102-qazaqstandagy-bilim-beru-mekemelerining-basshylaryna-95-mln-tengge-aiyppul-salyndy/