Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателік іздеп, шабуыл жасамау керек": оқу-ағарту министрі Назарбаев мектептері туралы айтты

Жарияланған күні:

Ғани Бейсембаев
Ғани Бейсембаев. Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев мектептерінен қателік іздемеуге шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Назарбаев мектептері – озық тәжірибесі бар, алдыңғы қатарлы мектептердің бірі. Қазақстандағы білім жүйесіне өзінің тиісті үлесін қосып отыр. Сондықтан түрлі қателікті іздеу арқылы шабуыл жасап, ондай мектептердің жұмысына кедергі келтірмеу керек деп ойлаймын", - деді Ғани Бейсембаев.

Еске салсақ, бұған дейін оқу-ағарту министрі биыл жексенбіге түсіп тұрса да, мектептерде алғашқы қоңырау 1 қыркүйек күні соғылатынын айтты.

Сонымен қатар Ғани Бейсембаев сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта сынып жетекші болғаны үшін 10 мың теңге төленеді. Журналистер "Бұл сома қайта қаралуы мүмкін бе?" деп сұраған.

"Бұл жалақы емес, тек қосымша ақы. Мен де бұл сома қайта қаралуы қажет деп санаймын. Біз бұл бағытта есептеулер жүргізіп жатырмыз. Оны қайта қараймыз", - деді Ғани Бейсембае.

Оның ойынша, сынып жетекшілік үшін қосымша 20 мың теңге төленуі қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145175-qatelik-izdep-shabuyl-zhasamau-kerek-oqu-agartu-ministri-nazarbaev-mektepteri-turaly-aitty/