Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кездейсоқ жағдай болса, өздігінен өшеді": швейцариялық инженер АЭС артықшылықтарын айтты

Жарияланған күні:

АЭС
АЭС. Көрнекі сурет: gov.kz

Әлемде халық саны артқан сайын энергия тапшылығы да сезіліп жатыр. Осы орайда тұрғындарды қуатпен қамтамасыз ету үшін атом энергиясын пайдалану маңызды. Бұл туралы швейцариялық ядролық энергетика инженері Лука Таглиапиетра қазақстандық журналистерге сұқбатында мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маманның сөзінше, энергияның жаңа көзінен қорқудың қажеті жоқ. Өйткені қауіпсіздік шаралары жылдар бойы сынақтан өтіп, мақұлданған. Тәжірибелер көрсеткендей, қазір ядролық реакторларда туындауы мүмкін кез-келген мәселені реттеуге мүмкіндік бар.

"Адамдарды радиация, радиоактивті заттардың ауаға тарауы тәрізді қауіптер алаңдатады. Алайда бұлар тек атом электр станциясының ішінде болады, сыртқа шықпайды. Одан қауіп жоқ. Ал кездейсоқ жағдай болса, жүйе автоматты түрде өзі өшеді. Мұндай қауіпті жағдайлар бұрын-соңды өте сирек болған", – дейді инженер Лука Таглиапиетра.

Сонымен қатар маман атом электр станцияларының экологиялық жағынан тиімді екенін айтты. Өйткені қуатты өндірудің осы тәсілінде ауаны ластайтын қалдықтар бөлінбейді.

"Атом электр станциялары көмірқышқыл газы, ілеспе газдар тәрізді ауаны ластайтын қалдықтарды шығармайды. Экологиялық жағынан тиімді. Әлем көмірқышқыл газының мөлшерін азайтуға тырысып жатыр. Бұл ретте атом электр станцияларының маңызы зор", – дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145177-kezdeisoq-zhagdai-bolsa-ozdiginen-oshedi-shveitsariialyq-inzhener-aes-artyqshylyqtaryn-aitty/