Қазақстан елдегі өмір сүру сапасы бойынша рейтингтің соңында қалды
Жарияланған күні:
Өмір сапасын бағалайтын тәуелсіз аналитикалық портал рейтингінде Қазақстан 83 елдің ішінде 72-орында тұр. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.
Биыл Қазақстан Numbeo.com порталының нұсқасы бойынша өмір сүру сапасы бойынша елдер рейтингінде 83 елдің ішінде 72-орынға ие болған.
Ал былтыр Қазақстан 74-ші орында, 2022 жылы 76-шы орында тұрған.
Numbeo.com тәуелсіз аналитикалық порталының рейтингі өмір сүру құны, сатып алу қабілеті, қауіпсіздік, экология және әртүрлі әлеуметтік аспектілер бойынша деректер әсер ететін өмір сүру сапасының есептелген индексі негізінде жасалады.
Қазақстанда биыл өмір сапасының жалпы индексі 102-ні құраған. Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанның сатып алу қабілеті төмен, баспана қымбат, экология нашар.
Сонымен қатар елімізде өмір сүру құны салыстырмалы түрде төмен, қауіпсіздік пен денсаулық сақтау орташа деңгейде.
Сондай-ақ басылым Дүниежүзілік банк зерттеулерінің нәтижелеріне сілтеме жасап, қазақстандықтарға медициналық қызметтің қолжетімділігінен бастап көші-қонға дейінгі өмірдің әртүрлі салаларына қатысты 100-ге жуық сұрақ қойылғанын келтіреді.
"Биыл маусымдағы жағдай бойынша өз өміріне толық немесе ішінара қанағаттанған респонденттердің үлесі 96,5 пайызды құрады. Бір жыл ішінде ол 0,1 пайызға өзгерді. Қанағаттанбағандардың үлесі аз, небәрі 3,5 пайызды құрайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ "Сіз өз қалаңыздың, аймағыңыздың қазіргі экономикалық жағдайын қалай бағалайсыз?" деген сұраққа жауап бере отырып, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 50,6 пайызы "жақсы және өте жақсы жағдайда өмір сүріп жатырмыз" деп дауыс берген.
Өмір сапасы бойынша ұлттық іріктеу сауалнамалар Дүниежүзілік банк жобасының қорытындыларына жақын екені атап өтілді. Ұлттық статистика бюросының сауалнама нәтижелері бойынша биыл өз өміріне қанағаттанған немесе ішінара қанағаттанғандардың жалпы үлесі 99,8 пайызды құрады.
Оның ішінде 43,8 пайыз толық қанағаттанған. Порталдағы ақпаратқа сүйенсек, жалпы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 36,6 пайызы ғана отбасының экономикалық жағдайына, ал 34,8 пайызы материалдық жағдайына қанағаттанған.
Респонденттердің 52,5 пайызы тұрмыс жағдайына толық қанағаттанған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145192-qazaqstan-eldegi-omir-suru-sapasy-boiynsha-reitingting-songynda-qaldy/