Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Студенттер жатақхана мәселесі бойынша қайда хабарласа алады: орталық номерлері жарияланды

Жарияланған күні:

Жатақхана
Жатақхана. Фото: "Қаржы орталығы" АҚ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақханалардағы бос орындар бойынша байланыс орталықтарының номерлерін жариялады. Бұл туралы ол Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Саясат Нұрбектің жазуынша, студенттер жатақханалардағы бос орындар бойынша Алматы мен Астанадағы байланыс орталықтарының номерлеріне хабарласа алады:

  • +7 (700) 2551443
  • +7 (700) 9509528

Айта кетсек, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов колледждер мен жоғары оқу орындары студенттері үшін жатақханалардағы орын тапшылығы – өзекті мәселе екенін айтқан болатын. Үкімет басшысы сырттан келген бірде-бір студент баспанасыз қалмауы керек екенін деп мәлімдеді. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145219-studentter-zhataqhana-maselesi-boiynsha-qaida-habarlasa-alady-ortalyq-nomerleri-zhariialandy/