Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елшілік Ұлыбританиядағы тәртіпсіздіктерге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Ұлыбритания. Көрнекі сурет
Ұлыбритания. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшілігі қазақстандықтарды қоғамдық орындарға бармауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшілігі елдегі наразылық науқанына байланысты үндеу жариялады.

"Елдегі бірқатар өңірде жағдайдың шиеленісуіне байланысты ҚР Ұлыбританиядағы елшілігі Қазақстан азаматтарына Ротерхэм, Болтон, Блэкпул, Халл, Бристоль, Сток-он-Тренет, Белфаст, сондай-ақ Манчестер және Ливерпуль қалаларының маңындағы қалаларға осы өңірлердегі жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша барудан бас тартуды ұсынады.

Қазіргі уақытта аталған қалалардағы Қазақстан азаматтарынан қауіпсіздіктің жоғары шараларын сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ ҚР Ұлыбританиядағы елшілігімен байланыста болуды сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Ұлыбритания аумағындағы ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін шұғыл байланыс желілері іске қосылған:

+44 7900 511 535 (шұғыл ұялы телефон)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145241-ulybritaniiadagy-elshilik-eldegi-tartipsizdikterge-bailanysty-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/