Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританиядағы наразылық: "Болашақ" өкілдері елдегі студенттер қауіпсіз жерде екенін айтты

Жарияланған күні:

Аудиториядағы студенттер
Аудиториядағы студенттер. Көрнекі фото: Matthias Balk/Picture alliance/Getty Images

Ұлыбритания елінде жаппай наразылық шеруі өтуде. Осыған байланысты "Болашақ" бағдарламасы степендиаттардың қауіпсіз жерде екенін және олармен үнемі байланыс орнатып тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ орталықтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Ұлыбританияның кейбір қалаларындағы тәртіпсіздіктер сейсенбі, шілденің 30-ы күні басталған еді. Алайда соңғы күндері жағдай ушығып кетті.

"Халықаралық бағдарламалар орталығының" кураторлары осы калаларда білім алып жатқан "Болашақ" бағдарламасы және "500 ғалым" Ғылыми тағылымдамасының стипендиаттарымен үнемі байланыста.

"Стипендиаттар қабылдаушы елдің ережелерін сақтай отырып қауіпсіз жерде екенін мәлімдейміз. Орталық Ұлыбританиядағы барлық стипендиаттарды адам көп жиналатын орындарға бармауға жане қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қажеттіліқ туындаған жағдайда, колдау мен комек алу үшін "Халықаралық, бағдарламалар орталығына" хабарласуларын сұраймыз", - делінген хабарласында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Ұлыбританиядағы және Солтүстік Ирландиядағы елшілігі қазақстандықтарды қоғамдық орындарға бармауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145258-ulybrtaniiadagy-narazylyq-bolashaq-okilderi-eldegi-studentter-qauipsiz-zherde-ekenin-aitty/