Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

491,6 млн теңге жымқырғаны үшін "Әскери құрылыс" АҚ бұрынғы вице-президенті және лауазымды тұлғалар сотталды

Жарияланған күні:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

5 тамызда әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Құрылыс және әскерлерді жайластыру бас басқармасының, "Әскери Құрылыс" АҚ лауазымды тұлғаларына, авторлық, техникалық қадағалау өкілдеріне және басқа да тұлғаларға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

"Әскери Құрылыс" АҚ бұрынғы вице-президенті А.Темірбаев, АҚ-нің учаске бастығы Т. Кабултаев, компания басшысы Е. Ибрагимова, Авторлық және техникалық қадағалау өкілдері А. Дощанов және Д. Шайпранов, Қосалқы мердігерлік ұйымның басшысы Г. Газезов және оның сенімді адамы А. Омаров Алматы облысы Сарыөзек гарнизонының әскери қалашығында кәріз-тазарту құрылыстарын күрделі жөндеуге бөлінген 491,6 млн теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты бойынша олардың мүлкі тәркіленіп, және мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметпен айналысуға 7 жыл мерзімге тыйым салынған. Сонымен қатар олар 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Құзырлы орган мәліметінше, ӘЖББ бастығының бірінші орынбасары Б. Әбдірахманов, күрделі құрылыс басқармасының бастығы Қ. Онлабаев және осы басқарманың офицері Б. Лесбаев немқұрайлылық үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145862-askeri-qurylys-aq-buryngy-vitse-prezidenti-sottaldy/