Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 млн теңгеге Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп уәде еткен": күдіктіге қатысты тергеу аяқталды

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев. Фото: t.me/Jogargy_sot

Антикор Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңге жымқырды деген күдікпен елорда тұрғынына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-дағы ресми арнасы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша астананың "Г" тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталуға Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікке ілінді. Күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша да сараланған.

"Оған қатысты "Қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Антикор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145879-bishimbaevtyng-ukimin-zhengildetu-syltauymen-100-mln-tengge-zhymqyrgan-kudikti-qamaldy/