Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында балалар үйірмелері мен секцияларында "Face ID" мобильдік қосымшасы қолданылады

Жарияланған күні:

Балалар үйірмесі
Балалар үйірмесі. Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік шығармашылық үйлерді, спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру жұмыстары нәтижесін беріп келеді. Бүгінде шығармашылық үйлердегі үйірмелерге 23 мыңға жуық бала қамтылса, спорттық секцияларға 14 мыңнан астам бала қатысып жатыр.

Өнім берушілерге бақылау жасау арқылы өнер, білім алушы балалардың орталықтарға толыққанды қатысуы және мемлекет қаржысын үнемді пайдалануға мүмкіндік беретін «Фейс-бақылау» мобильді қосымшасы 2023 жылдың шілде айында Қызылорда облысы бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында өз нәтижесін беріп, білім беру саласында мемлекеттің 3,7 млрд теңге қаражаты үнемделді.

Жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, жаңа цифрлы шешімдер басқа салаларда да енгізуге дайын екендігін көрсетті. Биылдан бастап осы жоба мәдениет, спорт салаларына да қолданысқа енгізіледі.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекованың сөзінше, бұл ең тиімді тәсіл ретінде ұсынылды.

"Шынайы, адал жұмыс істеп отырған кәсіп иелері бұдан қашып отырған жоқ. Жүйенің қолданысқа енгізілуінде ешқандай кереғарлық жоқ", - дейді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы.

Бағдарламаны енгізудің негізгі мақсаты - бюджет қаражатын тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

Былтыр прокуратураның тексеруімен 40-қа жуық өнім берушілерден жалған балаларды тіркеу фактілері анықталды. Оның ішінде біразы өз еркімен мойындап бюджет қаржысын қайтадан бюджет кірісіне қайтарғандар болды. Келіспегендермен қылмыстық іс қозғалды. Әлі күнге дейін қылмыстық процестер жүріп жатыр.

Айта кету керек, мобильді қосымшасының деректер базасында алдын ала тіркелген сандық бейнеге сәйкес, бетті биометриялық оқу арқылы балаларды автоматты түрде таниды. Бағдарламаның мобильді қосымшасымен сканерден өткен бейне сандық бейнеге (код) ауысып, дереу қауіпсіз серверге сақталуға жөнелтіліп, ғаламтор мен әлеуметтік желілер арқылы тарамауына кепілдік берілген.

Мәліметтер базасы, бағдарламалық жасақтама, балалардың аты-жөнінің орнына балаларға тіркеу нөмірі қолданылады (мысалы: 12345678; 23456789 және т.б.). Осылайша дерекқорда жеке тұлғаны бірегей түрде анықтай алатын жеке деректер жоқ.

«Face ID» мобильдік қосымшасымен сканерлеу барысында орташа есеппен 1 балаға 5-7 секунд ғана жеткілікті, ал, бір топтағы 25 балаға 2-3 минут уақыт ғана қажет етіледі. Жобалаушылар жүйенің тіимідігін одан әрі жақсыртуды қолға алған. Мамандар бұл балалар қауіпсіздігі қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің ашық жұмыс істеуіне, бюджеттің мақсаииы жұмсалуына септігін тигізеді деп отыр. Бұл тетік өркениетті елдерде әлдеқашан енгізілген.

Мобильдік қосымшаның блокқа түсіп қалу ықтималдығы өте төмен, мобильдік қосымша үзіліссіз жұмыс жасау үшін резервтік сервермен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда облысымыздағы 230 ауылдық елді мекеннің 210-ы мобильді интернетпен (2G, 3G 4G, ADLS, ВОЛС, Спутник) толық қамтамасыз етілген.

Ал, 20 ауылдық елді мекен тек байланыс желісімен қамтылған. «Face ID» мобильді қосымшасы барлық мобильді операторлардың интернет желісінің ең төменгі (Е) жылдамдығында қолданылуға мүмкіндігі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145927-qyzylorda-oblysynda-balalar-uiirmeleri-men-sektsiialarynda-face-id-mobildik-qosymshasy-qoldanylady/