Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүт" пе әлде "сусын" ба: ақтөбеліктер қандай сүт өнімін сатып алып жүр

Жарияланған күні:

Сүт
Көрнекі фото: pixabay.com

Тұтынушы құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Биятан "Ақтөбе қаласында сатып алушыға сүт әлде сусын сатылды ма?" деген сауалдың жауабын іздеп көрді.

Сүт өнімдері өміріміздің алғашқы күндерінен бастап біздің жанымыздан табылып келеді, бұл көпшілігіміз үшін негізгі диетаға да айналған. Адам сүт ішпегеннің өзінде, дайын тағамдардың құрамдас бөлігі ретінде сүтті жиі пайдаланады.

"Қазақстанда сүт әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне енгізілген – егер майлылығы 2,5%, пастерленген "Сүт" жұмсақ қаптамада болса", - дегенді алға тартады Жанна Үрметханқызы.

Бүгін біз майлылығы 2,5% және 3,2% деп көрсетілген сүттер жайында айтатын боламыз.

Сүт Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентіне сәйкес, көптеген түрлерге бөлінеді.

Мәселен:

  • "Нормаланған сүт" – бұл сүт майы мен сүт ақуызының немесе сүттің құрғақ майсыздандырылған заттары болмаса олардың үлесі сүтті өңдеу өнімін өндіруге сәйкес өндірушінің техникалық құжаты немесе көрсетілген стандарттарға сәйкестігі келтірілген сүт өнімдерін қайта өңдеу өндірісіне арналған шикізат;
  • "Майсыздандырылған сүт" – сүттен сүт майын бөліп алу нәтижесінде алынған, сүт майлылығының массалық үлесі 0,5 пайыздан төмен емес сүт өңдеу өнімдерін өндіруге арналған шикізат;
  • "Байытылған сүт" – табиғи (бастапқы) құрамымен салыстырғанда өнімнің тағамдық құндылығын арттыру үшін ақуызы, дәрумендер, микро- және макроэлементтер, тағамдық талшықтар, көп қанықпаған май қышқылдары, фосфолипидтер, пребиотиктер қосымша, бөлек немесе біріктірілген қалыпта қосылған шикізат немесе ауыз сүті;
  • "Ауыз сүті" – қаймағы алынбаған, майсыздандырылған, нормаланған, байытылған сүт – сүт майының массалық үлесі 10 пайыздан төмен, термиялық өңдеуге, кем дегенде пастерлеуге ұшыраған, құрғақ сүт өнімдері мен су қоспасынсыз тұтыну ыдыстарына өлшеніп оралған сүт өнімі.

"Өз басым сиыр сүтінен алынған, анағұрлым табиғи болып саналатын сүтті ұнатамын", - деп жалғастырды сөзін сарапшы.

Құрамында сүт кездесетін сусындар да бар, мысалы, өндіруші оларды "Сүтті сусын", "Сүт өнімі", "Сүт сусыны" және т.б. деп көрсетеді. Бірақ оларды табиғи сүтпен шатастырмау керек.

Мәселен, сүт сусыны – сүттен, сүт немесе сүт өнімдерінің құрамдас бөліктерінен, оның ішінде қоюландырылған не құнарландырылған немесе құрғақ сүт өнімдері мен судан жасалған, сүт ақуызының массалық үлесі кемінде 2,6 пайыз, ал майсыз сүттің қатты бөліктерінің массалық үлесі кемінде 7,4 пайыз (сүт өнімі үшін) сүттің құрамдас бөліктерін алмастыру мақсатына арналмаған басқа сүт өнімдері немесе сүтке жатпайтын компоненттер қосылған не қосылмаған сүт немесе сүт құрамдас өнім.

Бірақ кейбір өндірушілер тұтынушыларды майлылығына, құрамы мен атауына қатысты жаңылыстыруы мүмкін.

Осындай фактілерді анықтау үшін "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында Ақтөбе қаласындағы базарларда сатылып жатқан тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді.

Зерттеу объектілері Ресейдің "Кагальницкий молочный завод" ҚБ сауда белгісіндегі ультрапастерленген, майлылық массасы 2,5 және 3,2% құрайтын "Станичное" сусындары болды.

Сүт
Фото: Биятан Жанна

Бұл өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік сараптама комитетінің Ақтөбе облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасында сынақтан өтті.

2024 жылдың 10 шілдесіндегі №759 РО-24-10307 және 2024 жылдың 10 шілдесіндегі №760 РО-24-10307 тамақ өнімдерінің үлгілеріне сараптама жүргізу хаттамаларына сәйкес, мынадай сәйкессіздіктер анықталды:

  1. Қаптаманың алдыңғы жағында "Молоко ультрапастеризованное" деген жазу өнімнің бүйіріндегі "Напиток "Станичное". Ультрапастеризованный" деген атауымен сәйкес келмейді.
  2. Көрсетілген ақпарат қаптамадағы немесе жапсырмадағы арнайы ақпараттар топтамасы бөлігінде жазылмаған.
  3. "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің 82-бабы бұзылған.

КО ТР 033/2013 82-бабында: "Құрамында сүті бар өнімдер мен сүт майын алмастыратын сүт өнімдері үшін осы техникалық регламенттерде сүт және сүт өнімдеріне, олардың әртүрлі комбинацияларына, оның ішінде атауларында белгіленген ұғымдарды пайдалану, тауарлық белгілерге (сауда белгілеріне) рұқсат етілмейді немесе осындай өнімдерді таңбалау кезінде олардың затбелгілерінде тұтынушыны адастыруы мүмкін кез келген мақсаттағы, сондай-ақ сүт өнімдері ұғымдарынан алынған сөздерді ( мысалы, "ірімшік тәрізді", "ірімшік", "ірімшік жасау", "сары", "қаймақ", "сүзбе", "кілегей", "сары май", т.б.) пайдалануға болмайды" делінген.

Тиісті шаралар қабылдау үшін зерттеу материалдары тиісті органдарға жолданды.

Қазір Қазақстанға сүт пен сүт өнімдері әртүрлі елдерден әкелінеді. Еліміздің дүкендерінде сүттің көптеген түрлері бар. Сапалы және қауіпсіз өнімді таңдау үшін әрбір тұтынушы келесідегідей ережелерді білуі керек:

"Қаптаманы мұқият тексеріңіз. Ол бүтін және мыжылып, майыспаған болуы керек. Қаптамадағы ақпарат анық, оқуға оңай, сенімді және тұтынушыларды адастырмауы тиіс. Таңбалау әдісі өндіруші белгілеген сақтау шарттарын орындай отырып, азық-түлік өнімінің бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек", – деп кеңес береді сарапшы Жанна Биятан.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақша: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146338-sut-pe-alde-susyn-ba-aqtobelikter-qandai-sut-onimin-satyp-alyp-zhur/