Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент Қазақстандағы толық газдандырылған бірінші қалаға айналады

Жарияланған күні:

Газ құбыры
Газ құбыры. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттің газдандыру деңгейі бүгінде еліміз бойынша ең жоғары деңгейді – 99,9 пайызды көрсетіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесу өткізіп, оның барысында облыстың отын-энергетика кешеніндегі ағымдағы жағдайға тоқталды.

Бұған қоса қала тұрғындарының жылумен қамту мәселелеріне, газбен қамтамасыз ету және жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарының барысы және алдағы жылу беру маусымына дайындыққа қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында Шымкенттің газдандыру деңгейі бүгінде еліміз бойынша ең жоғары деңгейді көрсетіп отырғаны және 99,9 пайыз немесе 1 миллион 173 мың адамның табиғи газға қол жеткізе алатыны атап өтілді.

2024 жылға 9 жобаны (4 ағымдағы, 5 жаңа) іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде болашақта 80 мыңнан астам адам табиғи газға қосымша қолжетімділік алып, газдандыру деңгейі 100 пайызға жетпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146600-shymkent-qazaqstandagy-tolyq-gazdandyrylgan-birinshi-qalaga-ainalady/