Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, жаңбыр, бұршақ: алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер 10-12 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Мамандар ауа температурасы біртіндеп төмендейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 10-12 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғып, бұршақ жауады.

10-12 тамызда солтүстік-батыста, 10 тамызда орталықта, 10-11 тамызда шығыста, 11 тамызда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Республика бойынша жел күшейеді.

Күндіз еліміздің батысында +20...+30°С дейін, солтүстік-батысында +15...+28°С дейін, солтүстігінде +15...+25°С дейін, еліміздің шығысында және орталығында +17...+28°С дейін температура төмендейді.

Оңтүстік шығыста күндізгі уақытта +35... +38°С қатты ыстық сақталады, Қазақстанның оңтүстігінде +30...+37°С ыстық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146812-naizagai-zhangbyr-burshaq-aldagy-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/