Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

12 жастағы қызды әуежайда жалғыз қалдырған: FlyArystan әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Жарияланған күні:

Fly Arystan ұшағы
Fly Arystan ұшағы. Көрнекі фото: flyarystan.ru

Азаматтық авиация комитеті "FlyArystan" авиакомпаниясын кәмелетке толмаған жолаушыны авиакомпанияның рейсіне жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл өрескел жағдай. Жолаушылардың құқығы әрқашан мүлтіксіз сақталуы керек.

Азаматтық авиация комитеті, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-мен бірлесе FlyArystan авиакомпаниясына қатысты жан-жақты тексеру жүргізеді. Кінәлі қызметкерлер міндетті түрде жауапқа тартылады", - делінген хабарда.

Қазақстандық әйел әлеуметтік желіде ұшаққа отырғызу кезінде 12 жастағы қызының әуежайда жалғыз қалғанын айтқан.

Билеті болғанына қарамастан қыз рейске жіберілмеген. Сонымен бірге, FlyArystan қызметкерлері техникалық ақаулар жөнделгеннен кейін топ жетекшісіне қызды өздері отырғызатынын айтқан.

Өз кезегінде компанияның балаларды алып жүрген қызметкері топ жетекшісінің баланы борттан таппаған соң жағдайды анықтау үшін ұшақтан кетуге тырысқанын айтты.

Алайда оның айтуынша, қауіпсіздік қызметі мен бортсеріктер оны айыппұл саламыз және жергілікті әуе компаниялармен ұшуға тыйым саламыз деп қорқытып, кетуге рұқсат бермеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146903-12-zhastagy-qyzdy-auezhaida-zhalgyz-qaldyrgan-flyarystan-akimshilik-zhauapkershilikke-tartylady/