Сапалы сүтті қалай таңдаймыз: өнімнің жарамдылық мерзімі өткен жағдайда не істеу керек
Жарияланған күні:
Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу мақсатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ақтау қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасынасатылып жатықан cүт құрамын тексеру ұсынылды.
Ақтау қаласындағы дүкендердің бірінен қоғамдық бірлестік өкілі жасырын сатып алушы әдісімен 6 пайыздық, көлемі 0,930 л. болатын өнімді ОДАРИ сүтін сатып алды.
Азық-түлік өнімдерінің үлгілерін сараптау хаттамасына сәйкес, келесі сәйкессіздік анықталды: сатып алынған күні бұл өнімнің жарамдылық мерзімі өткен – 06.07.2024 ж.
Сонымен қатар, сатушы сәйкестік туралы декларацияны ұсынбаған, бұл ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 33-бабына бұзу болып табылады.
Сүттің пайдасы туралы
Сүт – дәрумендер мен минералдарға бай құнарлы сусын. Ол адамдар мен сүтқоректілердің сүт бездерінде өндіріліп, жаңа туған нәрестелер алатын алғашқы тағам түрі саналады.
Сүтте қаңқаны нығайтатын: кальций, фосфор, ақуыз, калий, К2 дәрумені сияқты көптеген заттар бар. Сондай-ақ құрамында D дәрумені, К дәрумені және магний да кездеседі. Осы күшті құрылымның арқасында бұл сусынды ішу, әсіресе жасы келген адамдардағы остеопороз және сыну қаупін азайтуға көмектеседі.
Сүтте B12 және D дәрумендері, кальций мен калий көп. Сондай-ақ құрамында A дәрумені, магний, мырыш және тиамин бар. Сонымен қатар, сусын омега-3 және линол қышқылы сияқты май қышқылдарының тамаша көзі болып саналады.
Бір кесе сүтте 8 г ақуыз бар: бұл оның құрамында барлық маңызды аминқышқылдары бар екенін білдіреді.
Сүттің ағзаға тигізетін пайдасы өнім тек сапалы болған жағдайда ғана беріледі.
Сапалы және қауіпсіз өнімді сатып алуда Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына, тауар таңбасын қоса алғанда, сәйкес тауарларды сатуда тұтынушыларды дер кезінде хабардар ету өте маңызды рөл атқарады.
Тұтынушыларға арналған ұсыныстар
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының сарапшысы Жанна Биятан тауардың таңбалануын мұқият зерделеуді ұсынады: Қазақстанға әкелінетін және өндірілетін барлық азық-түлік өнімдерінің міндетті таңбалануы болуы керек, өйткені бұл тұтынушы тауарды сатып алу кезінде кездесетін бірінші ақпараттық блок болып табылып, ол негізгі ақпараттарды қамтиды.
Әсіресе жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына назар аудару қажет.
Жарамдылық мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалған немесе жарамдылық мерзіміне байланысты жеңілдікпен сатылып жатқан жарнамалық өнімдерді сатып алуды ұсынбаймын.
Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді Қазақстан Республикасында сатуға рұқсат етілмейді. Қазақстанда мемлекет тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасайды, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне орай, егер "техникалық регламенттерде, гигиеналық нормативтерде бекітілген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді деп танылған өнім:
– олардың қадағалануы мен қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (жеткізушінің) құжаттары жоқ өнімдер;
– таңбалануы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер;
– сақтау мерзімі белгісіз немесе мерзімі өтіп кеткен өнімдер;
– жалған өнімдер – деп ескертеді сарапшы Жанна Үрметханқызы.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.
Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ –сілтемесі арқылы хабарласуға болатынын ескертеміз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146921-sapaly-sutti-qalai-tangdaimyz-onimning-zharamdylyq-merzimi-otken-zhagdaida-ne-isteu-kerek/