Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолаушылар қонақ үйге орналастырылмаған": FlyArystan компаниясына тағы да айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Ұшақ әуеде ұшып барады
Ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

FlyArystan рейс кешіктірілген кезде жолаушыларды қонақ үйге орналастырмағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Комитетт мәліметінше, Алматы – Астана бағыты бойынша рейс кешіктірілген кезде қызметтерді ұсынбауға байланысты (жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, жолаушыларды әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай трансфер ұйымдастырылмаған) FlyArystan әуекомпаниясына қатысты "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 567-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынған.

"Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше ұсыну бөлігінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік авиакомпанияларды жауапкершілікке тарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Жолаушылардың құқықтарын сақтау бөлігінде заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтау Азаматтық авиация комитетінің жұмысында басымдықтардың бірі және әуекомпаниялар тарапынан бұзушылық фактілері анықталған жағдайда көзделген шаралар қолданылады", - делінген ААК хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146938-zholaushylar-qonaquige-ornalastyrylmagan-flyarystan-kompaniiasyna-tagy-da-aiyppul-salyndy/