Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы 8 адам қаза болған жол апаты: күдікті екі айға қамауға алынды

Жарияланған күні:

Изолятор
Изолятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

7 тамызда Ақтөбе облысындағы 8 адам, оның ішінде 5 бала қаза тапқан жантүршігерлік жол апаты болды. Күдікті 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облыстары соттарына сілтеме жасап.

"Хромтау аудандық сотының тергеу судьясының 09.08.2024 жылғы қаулысымен Қылмыстық кодекстң 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деп күдікке ілінген азамат С.-ға қатысты тергеу органдарының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхаты қанағаттандырылды.

Сот тергеу уақытында екі ай мерзіміне, яғни 7 қазанға дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Алғашында полиция қызметкерлері оқиға орнынан алты адамның денесін шығарды. Кейін қаза болғандардың саны артып, тағы екі оқушының денесі шығарылды.

Балалар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол жарысына қатысу үшін шыққан. Оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Көп ұзамай өңір әкімі жол апатына қатысты пікір білдіріп, жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147052-aqtobe-oblysyndagy-8-adam-qaza-bolgan-zhol-apaty-kudikti-2-aiga-qamauga-alyndy/