Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бала құқығын бұзудың айқын көрінісі": Оқу-ағарту министрлігі өкілдері FlyArystan дауына қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

FlyArystan
FlyArystan. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігі Бала құқығын қорғау жөніндегі комитеті өкілдері Fly Arystan әуекомпаниясында туындаған жайтқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, комитет өкілдері FlyArystan ұшағының бортына жіберілмеген 12 жастағы қыздың анасымен байланысқан. Қызға қажетті психологиялық көмек көрсетілген.

"Балаларға қатысты мұндай жағдайларға жол берілмейді. Бұл жағдай – баланың құқығын бұзудың айқын көрінісі. Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты басымдыққа ие болуға тиіс. Ең бірінші кезекте әуекомпания рейске тіркелген балаларға қамқорлық танытуы қажет еді", - делінген хабарламада.

Комитет осыған ұқсас жағдайлардың алдын алу үшін FlyArystan әуекомпаниясы мен Көлік министрлігі азаматтық авиация комитетіне тиісті шара қабылдау туралы ресми хат жолдады.

Айта кетейік, осыған дейін желіде қазақстандық келіншек 12 жастағы қызы билетінің брондалғанына қарамастан, FlyArystan ұшағының бортына отырғызылмағанын айтып шағымданған еді.

Әуекомпания аталған жайтқа қатысты пікір білдіріп, қыздың анасынан кешірім сұрады. Көп ұзамай FlyArystan компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147067-bala-quqygyn-buzudyng-aiqyn-korinisi-oqu-agartu-ministrligi-okilderi-flyarystan-dauyna-qatysty-pikir-bildirdi/