Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Анталья әуежайының қызметкерлері ерекше қажеттілігі бар қазақстандықты құлатып алды

Жарияланған күні:

Әуежай
Әуежай: pixabay.com

Қазақстандық ерекше қажеттілігі бар жасөспірімнің анасы Анталья әуежайындағы қызметкерлер Air Astana әуекомпаниясының рейсіне отырғызғалы жатқанда ұлын құлатып алғанын айтып шағымданды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталған жайтты журналист Денис Денски Instagram желісіндегі парақшасында баяндады. Оған оқиғаның мән-жайын жасөспірімнің анасы түсіндіріп берген.

Келіншектің айтуынша, оқиға 8 тамыз күні Анталья әуежайында болған. Ал ерекше қажеттілігі бар ұлы Түркияда реабилитациядан өткен.

Әйелдің сөзіне сенсек, үшаққа отырғызу басталғанда әуежай қызметкері келіп, жасөспірімді көтеріп апармақ болған. Жақын жерде лифт болғанымен, әуежай қызметкері оны пайдаланбаған. Осылайша, ер адам жасөспіріммен бірге баспалдақтан құлап, салдарынан жасөспірім көптеген жарақат алған.

"Қазір сол аяғында гипс бар, оң қолының бұғанасына зақым келген, гематома көп. Беті көгерген, бір көзін аша алмайды", - делінген жазбада.

Қазіргі уақытта жасөспірім Антальядағы ауруханада жатыр. Келіншектің айтуынша, ұлына әлі ұзақ уақыт ем қабылдау керек, ол тағы бір реабилитацияға мұқтаж.

Air Astana компаниясының баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне 8 тамыз сағат 11:30-да жолаушы ұлымен бірге "Анталья-Алматы" бағытындағы КС916 рейсіне тіркелгенін хабарлады.

"Аңсар мүгедек арбасымен жүретіндіктен, тіркеу бағанасына Анталья әуежайындағы қызмет көрсететін компания өкілі келді. Ол жолаушыны ұшу аймағына дейін шығарып салып, арнайы лифтімен түсу үшін әуежайдың басқа өкілдерін күте тұруды сұраған", - деді компанияда.

Air Astana ақпаратына сүйенсек, келіншек әуежай өкілдерін күтпей, басқа екі жолаушыдан ұлын түсіруге көмектесуді сұраған.

"Жолаушылар Аңсарды баспалдақтың ортасына дейін түсіріп, кетіп қалған. Ал әуежайдағы қызмет көрсететін компания өкілі келгенде әйел лифтіні пайдаланбай-ақ түсіре беруді сұраған. Өкінішке қарай, ер азамат тепе-теңдікті жоғалтып, жолаушымен бірге баспалдақтан қүлаған. Екеуі де жедел жәрдем көлігімен жергілікті ауруханаға жеткізілді", - деді компанияда.

Анталья әуежайының қызмет көрсететін компаниясы мен Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларды ауруханаға жеткізген. Сондай-ақ әуежай өкілдері медициналық шығындарды өз мойнына алған.

"Air Astana әуекомпаниясы Аңсардың тезірек жазылып кетуін тілейді. Өз кезегінде әуекомпания зардап шеккен жолаушыға көмек көрсетіп, тергеу жұмыстарына атсалысады", - деді Air Astana компаниясы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147083-antalia-auezhaiynyng-qyzmetkerleri-erekshe-qazhettiligi-bar-qazaqstandyqty-qulatyp-aldy/