Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

CҚО-дағы шекара бекетінде шетелдік азаматтан тыйым салынған кітап тәркіленді

Жарияланған күні:

Шекара
Шекара. Көрнекі фото: pixabay.com

CҚО-дағы шекара бекетінде шетелдік азаматтан тыйым салынған кітап тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысы аумағындағы "Жаңа жол" шекара бекетінде экстремистік әдебиетті өткізу әрекетінің жолы кесілді.

Қырғызстан Республикасының 30 жастағы азаматының басқаруындағы автокөлікті тексеру барысында 2020 жылы экстремистік деп танылған және Қазақстан аумағына әкелуге, басып шығаруға, сақтауға және таратуға тыйым салынған кітап табылып, тәркіленді.

Полиция қызметкерлері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 453-бабы 4-бөлігі бойынша материал жинады. Сот шешімімен шетелдік айыппұл түрінде жауапқа тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жыл басынан бері облыста діни заңнаманың бұзылуының 19 фактісі анықталғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары діни мазмұндағы материалдарды таратуға заңда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ғана жол берілетінін еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147094-cqo-dagy-shekara-beketinde-sheteldik-azamattan-tyiym-salyngan-kitap-tarkilendi/