Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалпы берешек 3 миллиардтан асады": Шымкентте алименттен жалтарып жүргендер әлі де көп

Жарияланған күні:

Көл жағасында тұрған әке мен бала
Көл жағасында баласын еркелетіп тұрған әке. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында "Алимент өндіріп алу жағдайы туралы" тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Мұнда үш мыңға жуық әкенің алименттен жалтарып жүргені және бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқаны сөз болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент келбеті порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қаламызда алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер саны азаймай отыр. Бүгінде осындай әкелердің саны 2 913-ке жетіп, олардың алимент бойынша берешегі 3 млрд 807 млн теңге болған. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеуінің негізгі себебі – борышкердің тұрақты, ресми табыс көздерінің болмауынан және тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни борышкерлердің іздеуде болуы", – дейді Бауыржан Қуанышбекұлы.

Оның айтуынша, сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент борышкеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқтатылған. Прокуратура тарапынан іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған атқарушылық өндірістер бойынша полиция органдары қандай шаралар қабылдағаны зерделенуде. Одан бөлек, сот орындаушыларының ұсыныстары негізінде 147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде сот қаулысымен 92 борышкерге 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 55 борышкерге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынған.

Айта кетейік, алимент бойынша әрекетсіздік танытып, заңнамамен белгіленген мәжбүрлеп өндіру амалдарын уақтылы қолданбайтын сот орындаушыларына қатысты да жауапкершілік күшейтілген.

Бауыржан Мырзалиевтің айтуынша, прокуратура органдары тарапынан сот орындаушылардың алимент өндіру туралы атқарушылық өндірістері бойынша қабылдаған шараларының толықтығына тұрақты түрде талдау жұмыстары жүргізілуде.

2024 жылы Шымкент қаласының жеке сот орындаушылар палатасы прокурорлардың заңдылықтың бұзылуын жою туралы 10 ұсынымын қараған. Нәтижесінде 58 жеке сот орындаушы тәртіптік жауаптылыққа тартылып, прокуратура тарапынан анықталған кемшіліктерді жою нәтижесінде 418 млн теңге алимент берешегі өндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147128-zhalpy-bereshek-3-milliardtan-asady-shymkentte-alimentten-zhaltaryp-zhurgender-ali-de-kop/