Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сегіз жастағы бала үшінші қабаттан құлап кетті

Жарияланған күні:

Терезе алдында отырған қыз бала
Көрнекі фото: Pexels.com

Алматыда ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. ТЖМ баспасөз қызметі ата-аналарды абай болуға шақырды.

Ведомствоның Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, Алматыда ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Баланың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жоқ.

Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:

  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
  • Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
  • Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
  • Ешқашан москит торларын қолданбаңыз – балалар оларға сүйеніп құлайды!
  • Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147175-almatyda-segiz-zhastagy-bala-ushinshi-qabattan-qulap-ketti/