Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тамыз ҰБТ-сы басталды

Жарияланған күні:

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде тамыз ҰБТ-сы басталды. Ол 15 тамызға дейін созылады. Бүгінде тамыз ҰБТ-сына қатысуға 21 мыңнан астам адам өтініш білдірген, деп жазады Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасындағы ақпаратқа сәйкес, тестілеуге қатысу үшін 21 мыңнан астам өтініш қабылданған.

Тестілеудің өзі 10-15 тамыз аралығында өтеді. Сертификат жеке кабинетте "Менің іс-әрекетім" бөлімінде қолжетімді болады. Тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беруге болады.

Ұлттық тестілеу орталығының өкілдері тамыз айындағы ҰБТ сертификатымен ЖОО-ға тек ақылы бөлімге түсуге болатынын есе салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147217-qazaqstanda-tamyz-ubt-sy-bastaldy/