Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайындағы рейстердің кешігуі: азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Әуежайдағы жолаушылар
Әуежайдағы жолаушылар. Көрнекі фото: d3sign/Getty Images

Астана әуежайында ұшақтардың кеш келуіне байланысты кейбір рейстер кешігіп жатыр. Азаматтық авиация комитеті даулы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, жаңартылған ақпаратты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Азаматтық авиация комитетінің өкілдері әуежайда туындаған қолайсыздықтың себебін түсіндірді. Олар жақында болған бұршақ Air Astana ұшақтарын зақымдағанын хабарлады. Соның салдары бірқатар рейстің кешігуіне әкеп соқтырған.

"Айта кететін маңызды жайт, рейстердің кешігуі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету себебінен болып отыр. Себебі жолаушылардың қауіпсіздігі біз үшін бәрінен де маңызды. Қазіргі уақытта Астана әуежайында Азаматтық авиация комитеті, Авиациялық көліктік прокуратура, Авиациялық әкімшілік қызметкерлері жүр. Олар рейсетрге қатысты жағдайды бақылауға алып, шұғыл шараларды қабылдайды.

Әуекомпания қызметкерлері өз жұмыс орнында жолаушыларға бар қажетті ақпарат пен қызметті ұсынып отыр. Рейстердің кешігуі басқа да рейстердің кешігуіне алып келуі мүмкін. Сол себепті жолаушыларға әуежай мен әуекомпаниялардан өз рейсінің уақытын анықтап отыруға кеңес береміз", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Астана әуежайында кейбір рейстердің кешігіп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар Алматы әуежайында да рейстердің кешігуіне байланысты даулы жағдай орын алған. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде таңғы 7-ге жоспарланған рейсі 9 сағатқа кешіктірілгенін хабарлап, наразылығы айтты. Air Astana өкілдері Алматы әуежайындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147256-astana-auezhaiyndagy-reisterding-keshigui-azamattyq-aviatsiia-komiteti-malimdeme-zhasady/