Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы ауылда дауылдан үйлердің шатыры ұшып кетті (фото)

Жарияланған күні:

Дауылдан кейін
Дауылдан кейін. Видеодан кадр: instagram.com/ zello_aktobe_official

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көсембай ауылында қатты дауылдан соң үй мен мектеп жанындағы шағын орталық, клубтың шатыры ұшып кетті. Адам дін аман, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі.

Дауылға қатысты Қайыңды ауылдық округінің әкімі Жазылбек Абиев пікір білдірді.

"Кеше сағат 21:00 шамасында он минут бойы дауыл тұрып, жаңбыр жауды. Сол 10 минут ішінде 35 үйдің шатыры ұшты. Таңертең комиссия құрылып, адамдардан шығын туралы ақпарат жинады. Ертең ерте бағалаушылар келеді деп отырмыз.

Сол кезде үйдің шығыны есептеледі. Бүгінде Қайыңды, Кемер өрт сөндіру жасақтары келіп, көшені тазалады. Ұшқан ағаш, шифер қалдықтарын жинап, полигонға тасыды. Жалпы 35 деп айтқаныммен, оның 33-і тұрғын үй, біреуі клуб, біреуі мектеп жанындағы шағын орталық. Төтенше жағдайды аудан әкімі жариялап кетті. Аудан әкімі келіп, хабарын айтты", - деді ол.

Әкімнің айтуынша, адам аман, тек бір қой өлген.

"Барлық үй жөндеуге келеді. Тек төбе жабындысы ұшты, қалғаны аман. Мектеп жанындағы балабақша 20 орындық. Бүгінге дейін істеп тұрды. Ауылда 380 адам тұрады. Барлығы 74 үй бар. Әлі күнге дейін ауылда жарық жоқ", - деді ауыл әкімі.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 тірек бағана құлаған. Қалпына келтіру үшін "Энергосистема" ЖШС-нің 4 бригадасы, яғни, 15 жұмысшысы, 5 арнайы техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 7 тірек бағана қалпына келтірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147362-aqtobede-oblysyndagy-auylda-dauyldan-song-uilerding-shatyry-ushyp-ketti-foto/