Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысындағы ауыл тұрғындары дауылға қатысты егжей-тегжейлі айтып берді

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны. Фото: mgorod.kz

9 тамыз кешке Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көсембай ауылында қатты дауыл соқты. Елді мекен тұрғындары табиғаттың тосын сыйына қатысты егжей-тегжейлі баяндап берді, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Дауылдың күші соншалық, ол электр желілерінің тіректерін, қоршауларды құлатып, үйлер мен үй ғимараттарының шатырларын жұлып алған.

"Ауылдың астаң-кестеңі шықты. Сиырлар қатты мөңіреп, қойлар маңырады. Мал далаға кетті. Ауылда тіректер құлады, бәрі қараңғы. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Жел басылған соң ер адамдар көшеге шығып, құлаған шатырларды көтеріп, астында қалған малды шығарып алған", - деді тұрғындар.

Айта кетейік, осыған дейін Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі ауылда 9 тірек бағана құлағанын хабарлаған еді. Қалпына келтіру үшін "Энергосистема" ЖШС-нің 4 бригадасы, яғни, 15 жұмысшысы, 5 арнайы техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта 7 тірек бағана қалпына келтірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147445-aqtobe-oblysynyng-turgyndary-dauyldan-auyldyng-astang-kestengi-shyqqanyn-aitty/