Қапшағайда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен қыз табылды
Жарияланған күні:
Қонаев қаласындағы демалыс орнында жоғалып кеткен 9 жасар қыз табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасындағы мәліметке сүйенсек, бүгін Қонаевта 2015 жылы туған қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Ол туыстарымен демалыста болған.
"Жедел-құтқару жасағының күшімен жоғалған қыз табылып, ата-анасына берілді. Балаға медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады", - деді ведомствода.
Айта кетейік, осыған дейін Алматы облысында отбасымен және достарымен демалып жүрген азаматты су алып кеткенін жазған едік.
"1961 жылы туған ер адам отбасымен және достарымен Қаскелең өзенінің жағасында демалып жатқан. Ол шомылуға бел байлап, суға кірген, бірақ тау өзенінің қатты ағысы оны алып кеткен. РЖҚЖ жедел тобы ер адамның денесін болжам бойынша құлаған жерінен 1 шақырым жерден өзеннен шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды", - делінген ҚР ТЖМ РЖҚЖ хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147484-qapshagaida-zhumbaq-zhagdaida-zhogalyp-ketken-qyz-tabyldy/