Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отарда комаға түскен сарбаз ауруханадан шықты

Жарияланған күні:

Сарбаз
Сарбаздың аяқ киімі. Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Отар ауылында әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін ауруханадан шықты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Константин Авершин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

"Бұл үлкен жеңіс әрі қуанышты жаңалық. Әбділпат Нұржігіт міне ауруханадан шықты. Біз сарбаздың сауығып кетуін ел болып тіледік. Бірінші кезекте ата-анасы үшін теңдессіз қуаныш. Осы орайда Қорғаныс министрлігінің Әскери госпиталі дәрігерлерінің үлесі көп екенін айтқан жөн. Сондай-ақ дәрігер Әйгерім Мұратқызына айтар алғыс зор. Өлімге араша түскен нағыз кәсіби мамандар", — деп жазды депутат парақшасына. 

Еске сала кетейік, бұған дейін сарбаз есін жиғанда әкесі Тимур Жаналин Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырып, тілеулес болған барша қазақстандықтарға алғысын айтқан болатын.

"Ұзақ уақыт бойы бізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұға еткендердің бәріне тағы да алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз.

Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таниды, бұрын жасалған трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады. Ол шамамен 6-8 сағатты алады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Сол үшін оларға алғыс айтамыз", - деген еді Тимур Жаналин.

Ал, бұл жолы сарбаздың анасы алғысын білдірді. 

"Баламды аяққа тұрғызуға көмектескен дәрігерлерге алғысым шексіз. Балам осылай тез арада жазылып кетеді деп ойлаған жоқпын. Сондықтан қуанышымды шек жоқ", — деді Нұржігіттің анасы Жанна Жаналина.

Нұржігіт те өзінің сауығып кетуіне тілектес болған барша қазақстандыққа алғысын білдірді.

"Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында сауығып шықтым", — деді ол.

Айта кетейік, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді. Оқиға 9 маусым күні болған. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі сарбаздың жағдайы ауыр екенін мәлімдеген.

"Науқас 9 маусым күні Гвардейск әскери госпиталінен жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Қордай орталық аудандық ауруханасына «полисегментальды пневмония» диагнозымен жатқызылды. Оң жақта плеврит. 3-4 дәрежелі жұқпалы токсикалық шок. Сепсис. Мидың гипоксиялық ісінуі, церебральды кома 2-3. ДВС синдромы.

Науқас клиникалық өлімді бастан кешкен. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, көптеген мүшелер жеткіліксіздігі байқалады. Атап айтқанда, тыныс алу, жүрек, бауыр, церебральды және инфекциялық токсикалық шок белгілері бар. Гемофильтрация және дәрі-дәрмекпен емделеді", - деп жазған еді сол тұста. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147490-otarda-komaga-tusken-sarbaz-auruhanadan-shyqty/