Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жолға жөндеу жүргізіледі

Жарияланған күні:

жол жөндеу жұмысы
Жол жөндеу жұмысы. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жолға жөндеу жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты хабарлады.

дыАстана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "Алау" мұз сарайы тарапынан "Астана Арена" маңындағы Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылын жалғайтын жергілікті жол төсемінің жоғарғы қабатының төсемі бойынша жұмыс жүргізеді.

Осыған байланысты биыл 12-13 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Бұл ретте Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран даңғылы ашық болады және автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерде жүзеге асырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147515-astanada-qabanbai-batyr-danggyly-men-turan-danggylyn-zhalgaityn-zholga-zhondeu-zhurgiziledi/