Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы полиция департаменті басшысының орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Руслан Фазкуллин. Фото
Руслан Фазкуллин. Фото: instagram.com/polisia_aqtobe

Ақтөбе облысының полиция департаменті бастығының орынбасары болып Руслан Фазкуллин тағайындалды. Тиісті бұйрыққа Ішкі істер министрлігінің басшысы қол қойды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланғандай, полиция майоры Руслан Фазкуллин ішкі істер органдарында 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Техникалық қызмет көрсету бөлімінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы полиция департаменті ақпарат және коммуникациялар басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары ретінде цифрландыру және байланыс жұмысын қадағалайды.

Еске салсақ, Асқарбек Маратұлы Ертаевтың еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалғанын хабарлаған едік.

1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін,  "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147766-aqtobe-oblysy-politsiia-departamenti-basshysynyng-orynbasary-tagaiyndaldy/