Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өнім мол: шаруалар бір гектардан 30 центнер бидай алып жатыр

Жарияланған күні:

Бидай алқабы
Түлкібастағы бидай алқабы. Фото: gov.kz

Түркістан облысының Түлкібас ауданы Жаскешу ауылында шаруалар биыл мол өнім алып, бір гектардан 30 центнер бидай орып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түлкібастағы Жаскешу ауылында орналасқан "Серғазы" шаруа қожалығы гектарына 30 центнерге жуық бидай орып жатыр

Ал Арыс ауылдық округіне қарасты "Сүйіндік" шаруа қожалығының қадамы аудан көлеміне қарыштап дамып келеді. Бүгінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтың табысы жылдан жылға ұлғайып келеді. Берекесі мен ынтымағы жарасқан бұл ұжымды ұзақ жылдардан бері диқан, іскер азамат Мелдебек Сүйіндікұлы Тайлиев басқарып келеді.

"Сүйіндік" шаруа қожалығының төрағасы Мелдебек Тайлиевтің сөзінше, өткен жылы 650 гектар жерге бидай, 120 гектарына жоңышқа, 250 гектарына мақсары еккен.

Қазіргі таңда алқапқа 3 комбайн техникасы жұмылдырылған. Комбайншылардың орған бидайын екі “Камаз” көлігі егіс алқабынан тоқтаусыз тасымалдап жатыр. Комбайншылардың, тасымал жұмыстарын атқарып жатқан көлік жүргізушілердің бәрі жергілікті тұрғындар екен.

Айта кетейік, биыл Түлкібас ауданында 24 гектарға масақты дәнді-дақыл егілген. Оның ішінде, 15,4 мың гектарға бидай, 8,6 мың гектарына арпа. Қазіргі таңда бұл дақылдардың 12,5 мың гектары орылып, осы уақытқа 29,8 мың тонна өнім жиналған. Бидайдың өнімділігі орта есеппен гектарына 25-30 центнерді, арпаның өнімділігі гектарына 22 центнерді құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147812-turkistan-oblysynda-onim-mol-sharualar-bir-gektardan-30-tsentner-bidai-oryp-zhatyr/