Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облыстық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланған күні:

Марат Әбуов
Марат Әбуов. Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық білім беру басқармасы басшының лауазымына Әбуов Марат Әлменұлы тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Марат Әбуов Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің шетел тілі мамандығы бойынша бакалавры, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің құқықтану мамандығын бітірген.

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистрі.

Алғаш еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған М.Әбуов мемлекеттік қызметте де білім беру саласына жетекшілік етті.

Еңбек өтілі:

  • 1999 – 2004 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы Миялы селосы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектептің мұғалімі;
  • 2004 – 2005 жылдар аралығында Қызылқоға аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;
  • 2005 – 2008 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман;
  • 2008 – 2011 жыл аралығында Қызылқоға аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бөлім меңгерушісі;
  • 2011 – 2017 жыл аралығында Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы;
  • 2017 – 2022 жылдар аралығында Қызылқоға ауданы әкімінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасары;
  • 2022  жылдан бастап бүгінге дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147988-atyrau-oblystyq-bilim-basqarmasyna-zhanga-basshy-tagaiyndaldy/