Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сурет үшін қинайды": семейліктер биоорталықта питонға қатыгездік жасалғанын айтты

Жарияланған күні:

Семейдегі биоорталық
Семейдегі биоорталық. Фото: instagram.com/oo_osa_semey__vko

Семей тұрғындары әлеуметтік желіде питонға қатыгездік танытқанын айтып шағымданған. Артынша өңірлік полиция департаменті тексеру жүргізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Абай облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Instagram желісіндегі "Oo_osa_semey__vko" парақшасында желі қолданушылары жергілікті биоорталықта питонға қатыгездік танытып жатқанын айтып, үндеу жасады. Үндеу авторы питонды "сурет үшін қинап, лақтырып жатқанын" алға тартып, құқыққорғау органдарының парақшасын белгілеген.

Аталған жазбаға қатысты Абай облыстық полиция департаменті пікір білдірді. Құқыққорғаушылар Семей қаласының орталығындағы облыстық балалар биологиялық орталығында тексеріс жүргізілгенін айтты.

"Жануарларға қатыгездік деп жануарларды ұрып-соғу, өлтірудің азапты тәсілдері, тәжірибелер үшін пайдалану (ғылыми жағдайларды қоспағанда), жануарларды бір-бірін өлтіретін немесе жарақаттайтын жарыстар үшін пайдалану деп түсіну керек", - деді Абай облыстық ПД тергеу басқармасының тергеу басқармасының бастығы Сұңғат Әділбеков.

ПД қатыгездік фактісі анықталмағанын хабарлады, алайда биологиялық орталықтың әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148000-suret-ushin-qinaidy-semeilikter-bioortalyqta-pitonga-qatygezdik-zhasalganyn-aitty/