Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Camry көлігі автосалон ғимаратына соғылды

Жарияланған күні:

Алматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты. Видеодан кадр: zakon.kz

Бүгін Алматыда кешкі уақытта жол апаты болды. Camry көлігі автосалонның ғимаратына соғылған. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адам бар, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы полиция департаментінің өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне жол-көлік оқиғасы Жетісу ауданында болғанын хабарлады.

"Жол-көлік оқиғасы Алматыдағы Жетісу ауданында сағат 17:00-де болды. Camry жүргізушісі көлікті басқара алмай, автосалон ғимаратына барып соғылған. Жол апаты салдарынан бір адам зардап шекті", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Алматыдағы жол апаты
Алматыдағы жол апаты. Видеодан кадр: zakon.kz

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталыр жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148024-almatyda-camry-koligi-avtosalon-gimaratyna-sogyldy/