Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі қабатты кафе өртенді (видео)

Жарияланған күні:

Алматыдағы өрт
Алматыдағы өрт. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_official

Алматыда Темирязев көшесінің бойында кафе өртеніп жатыр. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шықты. Кафенің ашық жалынмен отқа оранғаны анықталды , деп хабарлайды қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер Бостандық ауданы, Тимирязев 42 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді.

"Қас қағым 5 минутта жеткенде кафенің ашық жалынмен отқа оранғаны анықталды, газ-түтіннен қорғау қызметінің адамдардың болуына барлау жүргізіп, өрт сөндіру оқпандары бағытталды, автоцистерналар 60м қашықтықта су көздеріне орнатылды", - делінген ресми хабарламада.

Оқиға орнынан 3 газ баллон эвакуацияланды.

ТЖМ ақпаратынша, екі қабатты кафе өртке оранған. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Алматы ТЖД өкілдері 21:17-де өрт толығымен сөндірілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148028-almatyda-eki-qabatty-kafe-ortenip-zhatyr-video/