Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген: іске қатысты жаңа дерек шықты

Жарияланған күні:

Жасөспірім қыз
Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда облысында 16 жастағы қызға қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілер үйқамақта отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ өңірлік соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін "НеМолчи" қорының Instagram желісіндегі парақшасында қызылордалық 16 жастағы қызға қатысты ақпарат пайда болған еді.

"Ақпаннан бастап сыныптастары мен олардың туыстары 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген", - делінген жазбада.

Сондай-ақ қыздың отбасында жалғыз қызы екені, биыл ақпаннан бастап үйден жоғала бастағаны айтылған. Қордың мәліметінше, қызға қоқан-лоқы көрсетілген.

"Оған үнемі есірткі беріп, қинаған", - деді қор хабарламасында.

Кейінірек қор соттың 16 жастағы қызды секс-құлдықта ұстау ісіне қатысты күдіктілерді босатып жібергені туралы ақпарат жариялады. Аталған жазбаға Қызылорда сотының баспасөз қызметі пікір білдірді.

"Бұл өтініштерді Қызылорда қаласының тергеу соты қараған, кәмелетке толмаған күдіктілерге "үйқамақ" түріндегі санкциялар қолданылды.

Қазіргі уақытта тергеу сотының қаулыларына жәбірленуші тараптан Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына шағым келіп түсті және қарау сатысында тұр. Қаулының қалған қатысушыларына шағым жасалмады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін 16 жастағы қызылордалық қызға қатысты Оқу-ағарту министрлігінің Бала құқықтарын қорғау комитеті өкілдері пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148090-qyzylordada-16-zhastagy-qyzdy-zhezokshelikpen-ainalysuga-mazhburlegen-iske-qatysty-zhanga-derek-shyqty/