Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балқаш Жылу" директорының бұрынғы орынбасарының ісі: 3 бөлмелі пәтер мен Lexus тәркіленді

Жарияланған күні:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Балқаш Жылу" ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істі Қаржылық мониторингі агенттігі тергеп-тексерген.

"Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған.

Жалпы сомасы 708 млн теңге болатын ұрланған қаражат оны пайдаланудан кіріс алу үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылды", - делінген хабарда.

ҚМА ақпаратынша, тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды.

Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жыл бас бостандығынан айырды.

Сонымен бірге мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148117-balqash-zhylu-direktorynyng-buryngy-orynbasarynyng-isi-3-bolmeli-pater-men-lexus-tarkilendi/