Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалдықты ашық жерге ағызған": "Алтай Полиметаллы" компаниясына 313,9 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды облысында ірі компанияға 313,9 миллион теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Бас прокуратура Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Құзырлы орган ақпаратынша, Қарқаралы ауданының прокуратурасы тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша экологиялық заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

"Алтай Полиметаллы" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) сарқынды суларды ашық жерге ағызатыны анықталды.

Тексеру өткізу үшін аудан прокуроры облыстық Экология департаментіне талап жолдады.

Нәтижесі кәсіпорынның Экологиялық кодекс нормаларын бұза отырып, мемлекеттік экологиялық сараптамасыз және қалдықтарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсатсыз жұмыс істегенін көрсетті", - делінген хабарда.

Қарқаралы аудандық соты компанияны кінәлі деп танып, оған ӘҚБтК 332-бабының 1-бөлігі және 328-бабының 1-бөлігі бойынша 313,9 млн теңге айыппұл салды.

Сонымен қатар сот орындаушысы серіктестіктің ағынды суларды биологиялық тазарту кешенінің жұмысын бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148132-qaldyqty-ashyq-zherge-agyzgan-altai-polimetally-kompaniiasyna-313-9-mln-tengge-aiyppul-salyndy/