Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Ресеймен шекарадағы көлік қозғалысына қатысты ескерту жасады

Жарияланған күні:

Шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекара аймағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл туралы ҰҚК Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ҰҚК Шекара қызметі 15-28 тамыз аралығында Қазақстан мен Ресей шекарасындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған.

"Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз", - делінген хабарда.

Еске салсақ, ҰҚК өкілдері өткен айда да Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу бекетінде көлік өткізуде қиындықтар туындау мүмкін екенін айтып, ескерту жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148147-uqk-reseimen-shekaradagy-kolik-qozgalysyna-qatysty-eskertu-zhasady/