Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде науқасты әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі балшыққа батып, құтқарушыларды шақырды

Жарияланған күні:

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбеде инсультке шағымданған науқасты әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі балшыққа батып, 20 минут тұрып қалған. Жедел жәрдем көлігінің өзі көмек шақырып, оны арнайы техника сүйреп шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға Ақтөбе қаласы Бекқұл баба ауылының тұсында тіркелді. Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдерінің хабарлауынша, жедел жәрдем көлігі жаңбыр суы мен балшыққа батқаны туралы хабарлама түнгі сағат бірден кете түскен.

"Бүгін түнде Ақтөбе қаласының Алматы ауданында жаңбырдың салдарынан науқасыт әкетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігі батпаққа батып қалды. Шақыру орнына келген құтқарушылар өтімділігі жоғары техникамен автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды. Жаңбыр салдарынан көлік балшыққа кептетіліп қалған, зардап шеккендер жоқ", - деді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 103 қызметі балшықта 20 минут тұрып қалған. Науқас 1,5 сағатта ауруханаға жеткізілген.

"Өлке тұрғын үй алабынан 39 жастағы ер адам жедел жәрдем шақырды. Аяғының төменгі жағынан жансыздануды сезген. Ішімдік ішкенімен байланыстырады. Науқас неврологиялық бөлімшегі жатқызылды. Инсульт белгілері жоқ", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148243-aqtobede-nauqasty-aketip-bara-zhatqan-zhedel-zhardem-koligi-balshyqqa-batyp-qutqarushylardy-shaqyrdy/