Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Министрдің інісі": СҚО әкімі кәсіпкер Сапаровқа қатысты ақпаратқа пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ғауез Нұрмұхамбетов
Ғауез Нұрмұхамбетов. Фото: СҚО әкімдігінің ресми сайты

Бүгін үкімет кулуарында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамедов өңірдегі ірі кәсіпкерлердің бірі Алтынбек Сапаровқа қатысты сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

БАҚ өкілдері Ғауез Нұрмұхамедовтен ауыл шаруашылығы министрінің інісі Алтынбек Сапаров СҚО-да ауыл шаруашылығы саласында ірі кәсіпкер екенін, оған "Министр ағасы қолдау көрсететіні рас па?" деп сұрады.

"Өтірік. Біз құқықтық мемлекетте өмір сүреміз. Мұндай жалған дақпырт шығармас бұрын қандай да бір фактіге сүйенуі керек еді. Сапаровтар әулетінің бизнестері бар. Министрдің інісі Алтынбек Сапаров жерге қатысты кәсіппен айналысады. Өңірде одан да басқа ірі кәсіпорындар бар, Зенченко, Шәймерденовтер сияқты ірі кәсіпорындар бар. Алтынбек Сапаров басқарып отырған кәсіпорын өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі. Салықты уақытында төлеп, әлеуметтік мәселелерді шешуге де өз үлесін қосып жатыр",- деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148258-ministrding-inisi-sqo-akimi-kasipker-saparovqa-qatysty-aqparatqa-pikir-bildirdi/