Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пневмониямен ауырған жыланды емдеп жатыр": тегін ем жасайтын шымкенттік ветеринар туралы не білеміз (видео)

Жарияланған күні:

Ветеринар Олег Хан
Ветеринар Олег Хан. Видеодан скриншот: turkistan.tv

Шымкенттік ветеринар Олег Хан көптеген аң-құстың өмірін сақтап қалған, тіпті оларды еш ақысыз емдейді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ turkistan.tv арнасына сілтеме жасап.

Шымкенттік ветеринар Олег Хан бір жылдың ішінде өліп кетуге шақ қалған 80-нен астам жануардың өмірін аман сақтап қалған. Зоодүкен иесі өзі сатып отырған экзотикалық жануарлардың саудасынан түскен пайданы түгел дерлік аң-құстың еміне жұмсайды.

Олегтің жан-жануарға деген махаббаты ерекше. Тіпті аң-құстың тілін ұғады. Бар мақсаты да сол – жануарлардың сырын түсіну. Қазір Олег пневмониямен ауырып жатқан жыланды емдеп жатыр. Жыланның аты – Император.

Олег әрбір аң-құсты баласындай көреді. Тіпті осындағы құстың әрқайсысына бір-бірден тор дайындаған. Хайуанаттар сатылатын дүкенде тасбақаның да ерекше түрі бар. Оны өзгелер сатып аламын дей қалса, қалай бағу қажет екенін тегін үйретіп, сосын ғана тұтынушысына береді екен.

Жанашыр жан алдына әкелген аң-құстың бәрін ақысыз емдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148454-shymkenttik-veterinar-ang-qustyng-barin-tegin-emdeidi-video/